«Көліктердің дөңгелегін жуып жүріңдер»: БҚО әкімі осындай талап қойды
2019 ж. 10 сәуір
3517
0

БҚО әкімі Алтай Көлгінов құрылыс компанияларына көліктерінің дөңгелектерін жуып жүруді тапсырды.
Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігінің тілшісі «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сәуірдің 5-і күні БҚО әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен өткен жиында өңірдегі құрылыс жұмыстары мәселесі талқыланып, аймақ басшысы мердегірлерге қатысты бірқатар ескерту жасады.
— Біз өткен жылы ескерттік, бәрі дөңгелектерін жууп жүру керек. Бұл алдымен біздің абаттандыруға әсер етеді. Тапсырма орындалмады. Айыппұл саламыз, — деді Көлгінов.