Әсемгүл Балташева "Азаматтарға арналған үкімет" басшысы болып тағайындалды

Әсемгүл Балташева "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация басқармасының төрайымы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалғыз акционер - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің шешімімен Әсемгүл Балташева "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрайымы болып тағайындалды.

Балташева Әсемгүл Серікқызы 1977 жылдың 8 шілдесіне дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін (мамандығы - "бухгалтерлік есеп шаруашылықтағы бақылау және талдау"), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (мамандығы - "экономика және менеджмент") тәмамдаған. 1997-2011 жылдар аралығында "Қазақтелеком" АҚ түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2011-2012 жылдары "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РММ басқарған. Кейін "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-да директор орынбасары, бас директор қызметтерін атқарған. 2016 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құрылған шақта мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі дирекциясына басшылық етті.

2017 жылдың мамыр айынан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.