Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі Мұхит Әзірбаев Алматы қаласында туған. Жеке сектордағы жұмыста мол тәжірибе жинақтаған.

Түрлі жылдары «Қуат-Агро» агрохолдингтік компаниясының бас директоры, «Global Building Contract» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы болған, «АБН АМРО Банк» және «Казкоммерцбанк» АҚ лауазымды қызметтер атқарған.