Қазақ елінде 130 мыңнан астам әзірбайжандық тату-тәтті өмір сүруде

1995-ші жылы Алматыда құрылған Әзірбайжан этномәдени бірлестігі – Қазақстандағы әзірбайжан этносының алғашқы ұйымы. Қазіргі таңда Қазақ еліндегі әзірбайжандардың саны 130 мыңнан асып жығылады.

2000 жылы мәдени орталық әзірбайжандардың «Тұран» Конгресіне айналды. Оны Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Абульфас Хамедов басқарды. Қоғамдық бірлестіктің атауы ескі түркі тілінен алынған. Кезінде ежелгі замандарда қазіргі Әзірбайжанның аумағын да қамтыған Орта Азиядағы мемлекет осылай аталған еді.

Қазіргі уақытта әзірбайжандардың «Озан» этномэдени бірлестігінің қатарында 300-ге жуық адам бар. Олардың ішінде бірлестіктің мүдделері үшін белсенді әрі нәтижелі түрде қызмет етіп жүрген адамдар көптеп саналады.

Әзірбайжандардың этномэдени бірлестігінің басты мақсаттары –ұлттық дәстүрлерге қолдау көрсетіп,оларды дамыту, әзірбайжан халқының салт-дәстүрлерін сақтауға аталысу, тарихи Отаннан алыс жерде өз тілі мен мәдениетін дамытып, Қазақстан Республикасындағы әзірбайжан диаспорасының әлеуметтік жағынан қорғалмаған өкілдеріне жәрдем ету. Этномәдени бірлестіктің алға қойып шешіп жатқан басты тапсырмалары баршылық. Біріншіден, бұл XX ғасырдың екінші жартысында қолданыстан шыға бастаған олардың ана тілі – әзірбайжан тілінің қолданыс аясын кеңейту. Екіншіден, өздерінің арасында мемлекеттік қазақ тілінің қолданыс аясын ұлғайту. Әзірайжандардың өздері мойындағандай,

мемлекеттік тіліміз олардың Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі диаспорасының өкілдері тарапынан жеткілікті түрде игерілмеген. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін этномэдени бірлестіктің құрамында жексенбілік мектеп ашылған. Бұл мектепте әзірбайжан жастары мемлекеттік және ана тілі мен әзірбайжан әдебиетін, әзірбайжан этносының тарихы мен дәстүрлерін жэне өнерін оқып үйренеді.