«Луйс» армян этномэдени бірлестігі туралы не білеміз?

Қазақстанда армян этномәдени бірлестігін құруға дайындық жиырма жылдан аса бұрын басталды. Бұл дайындықтың басы-қасында қауымдастықтың ақсақалдары болды. 1996 жылдың 5 сәуірінде бірлестік «Луйс» армян мәдени орталығы» деген атпен тіркелді. «Луйс» қазақ тіліне аударғанда «Жарық» деген мағынаны білдіреді.

АЭБ-ның құрушысы – Альберт Захарович Погосян. Ал этномэдени бірлестіктің алғашқы төрағасы Степан Гегамович Саркисян еді.

Қазіргі таңда бірлестікте үш жүзге тарта адам тіркеуде түр. Олардың отыздайы ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарып жүрген белсенділер болып табылады. Сондай-ақ ұйымның жастар қанаты да жұмыс істейді. Олар басқа да этномэдени бірлестіктердің жастарымен белсенді түрде тізе қосып қимылдап, тығыз қарым-қатыстарды ұстап келеді.

Белсенділер мен жастар қанатының жиналыстары және эдеби кештер жиі өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда «Луйс» армян этномэдени бірлестігінің өзінің жеке ғимараты бар. Бірлестіктің құрылғанынан бері қаншама жыл бойы осы жерде мемлекеттік тіліміз бен армян тілін және армян этносының тарихын үйрететін жексенбілік мектеп қызмет атқарып келеді. Сонымен бірге бірлестіктің шығармашылық және өнер жағынан әлеуетін «Наири» би-хореографиялық ансамблі және даңғыра тартуды үйрететін музыкалық топ танытып жүр.

«Луйс» армян этномэдени бірлестігінің мақсаты – ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту мен Қазақстанның рухани жағынан бай болып келетін мәдениеті мен тарихына армян халқының ерекше құндылықтарын, оның дәстүрлері мен мәдениетін енгізу болып табылады.