Еліміздегі этникалық беларустар туралы не білесіз?

1992 жылы бастамашыл топтың жиналысында ұйымның «Беларусь»ұлттық-мәдени бірлестігі» деген атауы бекітіліп, бірлестік кеңесі сайланды. Бастамашыл топтың қүрамына П.А.Атрушкевич, Е.П.Иванов, М.М.Каледич, Е.А.Юриков, В.Л.Гульницкий, Е.А.Мойсейчик, Л.Н.Питаленко, А.Ф.Цеховой, Л.И.Подольский, П.А.Жукович және басқалары кірді.

Қазақстандағы белорустардың бірінші қоғамдық бірлестігінің қызметі республикада өмір сүріп жатқан этникалық белорустар туралы мәлімет жинаудан басталды. Бұл мақсатта баспасөз құралдарында бірлестік туралы мәлімет басылып, кездесулер өтетін уақыт пен орны белгілен-ді. Уақыт өте Орталықтың аты шығып, жерлестер құрамы кеңейіп, Қазақстан мен Белоруссиядағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, Қазақстан Республикасындағы Белорусь Республикасының елшілігімен байланыс орнатылды.Орнатылған байланыстардың арқасында тілек білдірушілер құқық, жұмысқа орналасу, кіші бизнесті ұйымдастыру, білім мәселелері бойынша көмек алуға мүмкіндік жасалды.

1995 жылы «Беларусь» этномэдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясына кірді.