«Саяны» бурят этномэдени бірлестігі келісімді нығайтуға қолдау көрсетеді
2019 ж. 04 сәуір
1706
0

«Саяны» бурят этномәдени бірлестігінің негізгі мақсаты – бурят тілін сақтау, бурят этносының салттары мен дәстүрлерін сақтап дамыту. Бурят этномәдени бірлестігі өзінің қызметімен Қазақстанның мемлекеттік ұлттық-мәдени саясатын жүзеге асыруға және Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтуға қолдау көрсетеді.
«Саяны» бурят этномэдени бірлестігі Қазақстан Республикасы мен Бурят Республиксаының арасындағы мәдени және ұлттық байланыстарды нығайтуға, Байқал көліндегі туристік байланыстарды дамытуға атсалысады. Сонымен қатар Қазақстан мен Бурят республикасының арасындағы мәдени-ақпаратгық алмасуларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар да жүргізіліп келеді. Буряттар туралы сюжеттер мен фильмдер түсіріліп, газеттер мен журналдарда басылымдар шығып отырады.
«Саяны» этномэдени бірлестігінің мүшелері – қазіргі кезде Алматы қаласында тұрып жатқан Бурятия Республикасының, Иркутск облысының Күнгей Байқал өлкесінің тумалары.
Бурят этномәдени бірлестігінің жоспарларын жүзеге асыруда оған Ұлы Отан соғысының ардагері Цыден Сосорбармаев, әскери медициналық қызметтің полковнигі Петр Дмитриев, өндірістік жобалардың сәулетшісі Дора Ищанова, дәрігер Людмила Ахметжанова, педагогтар Галина Есболғанова және Цыжидма Хван белсенді түрде көмектесіп отырды. Әсіресе Цыжидма Хван бурят этномэдени бірлестігінің жастарына ана тілін үйретіп, бурят ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыруда көп еңбек сіңірді.
«Саяны» бурят этномәдени бірлестігінің де жастар қанаты жұмыс істейді. Оның мүшелері халықаралық бурят фестивальдеріне бірнеше мәрте қатысты.
Сондай-ақ бурят этномэдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының концерттік бағдарламаларына да белсене қатысып отырады.