Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларын тағайындады
2019 ж. 06 сәуір
2368
0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінде тағайындаулар жүргізді деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы қарулы күштері Бас штабының басшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды;
Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;