7-20-25. Сатылатын үйлердің тізімі анықталды
2019 ж. 02 сәуір
2212
0
«Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ «7-20-25» бағдарламасы арқылы пәтер сатып алуға болатын еліміздегі тұрғын үйлердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды baq.kz.
Ипотекалық ұйым мәліметінше, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 10 облысында аталған бағдарлама арқылы 1789 пәтерді сатып алуға болады.
"Тұрғын үйлердің басым бөлігі, нақты айтқанда 59-ы Алматы қаласында, ал 4-еуі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Айта кетейік, жылдық үстемесі 7 пайызды құрайтын, 25 жылға 20 пайыздық бастапқы жарнамамен берілетін ипотекалық тұрғын займын 2018 жылдың 4 шілдесінен бастап еліміздің екінші деңгейлі банктері бере бастаған" - делінген хабарламады.
ҚР Ұлттық банк мәліметінше, осы уақытқа дейін, қарыз алуға 125,3 млрд теңге сомасына 11 021 өтініш қабылданған. Оның ішінде 75,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 6 450 өтініш мақұлдаған.