Семейде өрттен екі бала ажал құшты
2019 ж. 02 сәуір
1971
0
Семей іргесіндегі ауылда екі қабатты тұрғын үй өртеніп, екі бала ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 сәуір күні 14:19-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Семейдің іргесінде орналасқан Суық бастау елді мекенінде екі қабатты тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бірінші қабатта орналасқан пәтердің іші өртеніп жатқанын анықтаған. Тілсіз жау 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру кезінде жуыну бөлмесінен 2012 және 2015 жылы туған екі баланың денесі табылған.
Алдын ала болжам бойынша, олар түтінге уланып көз жұмған.
Төтенше жағдай қызметкерлері, сондай-ақ, көрші тұратын екі тұрғынды құтқарып қалған. 14:56-да өрт ауыздықталып, 15-12-де толықтай сөндірілген. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.