Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай Шымкент–Ташкент халықаралық велошеруі өтті
2019 ж. 01 сәуір
1404
0

Шымкентте «Өзбекстандағы Қазақстан жылына» арналған халықаралық велошеру өтті. Шеруді Шымкент қаласының велоспорт федерациясы ұйымдастырды.
Шымкент–Ташкент бағытындағы велошеру жолының ұзақтығы – 130 шақырым. Айта кетейік, игі дәстүрге айналған мұндай велошеру биыл екінші рет өттті.
2018 жылы Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында велоспортшылар Ташкент қаласынан Шымкентке шерумен жүріп келген болатын.
qazaquni.kz