ҚР Қарулы Күштерінде Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтарды ұшыру тоқтатылды
2019 ж. 29 наурыз
2191
0
ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н.Ермекбаевтың тапсырмасы бойынша Ми-8 үлгісіндегі армиялық авиацияны қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді тексерісінің қорытынды кезеңі тоқтатылды.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында хабарланды.
Авиациялық апаттың себептері мен бір типті әуе кемелерінде оларды болдырмау жөніндегі алдын алу шараларының кешені өткізілгенге дейін шектеулер енгізілді.