ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Бұл сұраққа қысқаша жауап бермес бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінен үзінді келтіруді орынды көреміз: «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр». Біз неге бұлай дейміз? Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғам-ның бірлігі қажет дегенді білдіреді».

1999 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 130 ұлттың өкілі өмір сүретіні анықталған. 35 ұлттың өкілі «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң талаптарына сәйкес 365 ұлттық-мәдени бірлестікке біріккен. Олардың отыз бірі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ассамблея Кеңесінің мүшесі. Сонымен бүгінгі таңда Қазақ еліндегі ассоциацияларға тоқталсақ:

1. «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту ассоциациясы.

2. Түріктердің «Ахыска» қоғамы.

3. Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы.

4. «Луис» армян ұлттық-мәдени орталығы.

5. Ассириялықтардың мәдени орталығы.

6. Қазақстан поляктарының одағы.

7. «Тұран» әзірбайжан мәдени орталығы.

9. «Беларусь» ұлттық-мәдени орталығы қрғамдық бірлестігі. 10. Қазақстан Республикасындағы Еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» Ассоциациясы.

11. Түркімен қоғамдық-мәдени орталығы.

12. «Возрождение» – Қазақстан немістері қоғамдық бірлестігінің Ассоциациясы.

13. «Мекен» қырғыз мәдени орталығы.

15. «Достлик» – Қазақстан Республикасындағы өзбек қоғамдық бірлестіктері Ассоциациясы.

16. Қазақстандағы орыс, славян және казак бірлестіктерінің Ассоциациясы заңды тұлғалы бірлестігі (ҚОСКБА ЗТБ).

18. Қазақстандағы румын-молдован Ассоциациясы.

19. Қазақстандағы ұйғырлардың республикалық мәдени орталығы.

20. Қазақстандағы украиндықтар Радасы.

21. Қазақстандағы татарлар мен татар-башқұртттардың қоғамдық және мәдени ассоциациясы.

22. «Барбанг» – күрдтер қоғамдарының Ассоциациясы.

23. Қазақстандағы грек қоғамдарының Ассоциациясы.

24. Қазақстан дүнгендерінің ассоциациясы.

Бұған қоса Кіші Ассамблеялар бар. Яғни, он төрт облыстық және қалалық ассамблея жұмыс істейді.

Қ.САҒАТҰЛЫ,

qazaquni.kz