Қарағандыда Алғыс айту күніне орай ауқымды шаралар өтті

Қарағанды облысының барлық елді мекендерінде ақпан айынан наурыз айына дейін Алғыс айту күнін кең көлемде атап өтілді. Облыс тұрғындары үшін бұл мереке халықтар достығы мен мейірбандығын білдіреді, ал іс-шараның мақсаты азаматтық қағидатында қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту болып табылады.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі "Қоғамдық келісім" ұйымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен оның құрылымдарының, ҚХА кафедраларының төрағаларының, этномәдени бірлестіктердің және де  облыстық жастар белсенділерінің қатысуымен барлығы 150 000 азаматты қамтитын 500-ден астам іс-шара өткізілді Қарағанды қаласында облыс әкімінің қатысуымен «Алғысым саған, Қазақстан» атты іс-шара өтті. К.Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында келушілердің назарына бірқатар тақырыптық көрмелер ұсынылды: «Ұлы даланың жеті қыры» Семь граней Великой степи» облыстық тарихи-өлкетану музейінің түрік-қыпшақ кезеңінің экспонаттары, «И боль, и скорбь народа в памяти моей…» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының экспонаттары, «Болашақ» академиясы мен Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ҚХА кафедрасы ұсынған этностарды Қазақстанға жер аудару тарихы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары, жергілікті жерде өндірілген құрт пен қымыздың, «Ұлы Дала әнұраны» атты киізден жасалған сәндік-қолданбалы өнерінің, Қарағанды облысындағы ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы аймақтық өкілдігінің үздік көркем жұмыстарының көрмесі өтті. Іс-шараға қатысушылардың назарын «Қазақ халқына мың алғыс» атты гүлдермен аяқталмаған картинаға аударды. Мереке кезінде шақырылған қонақтар мен келушілер қазақ халқына түрлі тілде алғыс сөздерін жазды. Аяқталған сурет облысымыздағы жалғыз Қазақстан халқы балалар Ассамблеясын құрған «Балақай» бала бақшасына салтанатты жағдайда сыйға тартылды. Көрме соңында іс-шара Тәттімбет атындағы және этномәдени орталықтарының «Волшебная страна» және «Қуаныш» ансамбльдерінің би нөмірлерімен жалғасты. Содан кейін, қонақтар үшін С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған театрының Ғ. Жайлыбай поэмасының желісімен қойылған «Қара орамал» спектаклімен жалғасты. Әскери тұтқындарға арналған Қарағанды лагері жайлы баяндайтын қойылым көрермендерге ерекше әсер етті. Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындарына сауда орталықтарында ұйымдастырылған флеш-мобтар ұсынылды. Мысалы, қаламыздағы «Таир» сауда орталығында облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттары, сондай-ақ «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалы ұйымдастырған флеш-мобтар өткізілді. Флеш-моб кезінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің социолог-студенттері Қарағанды қаласы тұрғындарының Алғыс айту күнін атап өтуін қабылдауы мен аталған шараны атап өтуден қаншалықты хабардар екендігін анықтау бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді. Экспресс-сауалнама нәтижесі бойынша тұрғындар жақсы ақпараттандырылғаны және мерекеге оң қарайтындығы анықталды. Тұрғындар сұрақтарға мұқият жауап беріп, жауаптарында өздерінің жақындарына ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстан халқына бейбітшілік, достық және этносаралық келісім үшін алғыс білдірді. Серіктес қалаларда 1 наурызда маңызды іс-шаралар өткізілді. Сонымен, Теміртау қаласында жастар үшін азаматтық мүмкіндіктер форумын өткізу аясында Қазақстан халқы Жастар Ассамблеясы ашылды. Жастар ҚХА жұмысын «Жаңғыру жолы» өңірлік штабы үйлестіреді. Сонымен қатар, Балқаш қаласында әкімдікпен, қалалық сотпен және Қоғамдық келісім кеңесімен бірлесіп татуласу орталығы ашылып, билер кеңесі құрылды. Алғыс айту күнін мерекелеу аясында барлық білім беру ұйымдарында «Бір Отан – бір отбасы» диктантының бірыңғай күні, «Өмірге риза болып, алғыс айт!», «Алғыс марафоны» арт-акциясы, сынып сағаттарының циклі «Благадарность не знает границ», қонақжайлылық күні, ғылыми жобалар конкурсы және т.б. өтті. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары ақпараттық-түсіндіру және имидждік жұмыстарды жүргізді: «Ұлы Дала мұрасы: жастар көзімен» атты дөңгелек үстел, «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты аймақтық ЖОО аралық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Ұлы дала жастары» атты онлайн конференция өткізілді. Іс-шаралар кешені сонымен қатар сарайлар мен мәдениет үйлерін, саябақ аймақтарын, кітапханаларды қоса алғанда, әлеуметтік-мәдени объектілерде өткізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында қайырымдылық іс-шараларына ерекше көңіл бөлінді. «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қайырымдылық керуені аясында жағдайы төмен отбасыларға арнап «Сыбаға» қайырымдылық акциясын, «Намус» Әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығы Майқұдықтағы балалар үйінің тәобиеленушілеріне сыртқы күртелер мен тәтті-дәмді үлестіріп «Шашу»  акциясын жалғастырды,   сондай ақ, «Жаңғыру жолы» ҚХА РЖҚ аймақтық штабы  «Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Жалпы, облысымыздағы Алғыс айту күні кеңінен жария түрде атап өтілді және тұрғындар айтулы шараға үлкен қызығушылық танытты.