Шарын шатқалында 1,5 млрд теңгеге ойын-сауық паркі салынбақ
2019 ж. 18 наурыз
2743
1
Қазақстанның ең ерекше жерлерінің бірі Шарын шатқалында ойын-сауық паркі салынбақ, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Хабарланғандай, жобаға 40 орынға есептелген қонақ үй және үш аспалы көпір кіреді. Олардың әрқайсы 200 метр және 80 метр биіктікте орналасқан. Парктің құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсалмақ.
Шарын шатқалында жүргізілгелі жатқан құрылысқа қатысты қазақстандықтар түрлі пікір білдіруде.
«Миллиондаған жыл өзімен-өзі тұрды, ешкімге кедергі жасаған емес, адам қолы тимеген ерекше сұлулығымен көзді тартты . Ендігі шенеуніктер туристердің көңілін көтергісі келеді екен», - деп наразылық танытты журналист Вадим Борейко Facebook желісінде.
Өңір билігі Шарындағы құрылыстың экономикалық әсері туралы хабарлады: 35 жұмыс орны пайда болып, жыл сайын 47 млн теңге көлемінде салық төлемі түседі (шамамен 125 мың доллар).
«Қорғандар алқабының табиғи сұлулығының бағасы осы ма?... Біздің шенеуніктер қазіргі ұрпақтың алдында Қазақстанның барлық жабайы табиғатын түбімен жойып жіберуді мақсат етіп қойғандай әсер қалдырады», - дейді Борейко.
Оған жауап ретінде Мұхтар Тайжан Америкадағы Үлкен шатқалда салынған көпір түсірілген ">видеожазбаны жариялады.
«Көріп тұрғандарыңыздай, мейрамханалар, мейманханалар, дүкендер, дәретханалар, электр қуаты, су жүйесі «қол тимеген сұлулыққа» кері әсерін тигізген жоқ. Керісінше, адамдар үшін қолайлы жағдай жасап, көптеген туристі тартты.
Туристік инфрақұрылымның арқасында миллиондаған адам Үлкен шатқалдың сұлулығын тамашалады. Осы жылдар бойы ол жерде қаншама туристің жергілікті үндіс халқына қанша ақша қалдырғанын айтпай-ақ та қоялық. Егер мұнайға тәуелділіктен құтылғымыз және жергілікті халыққа жұмыс бергіміз келсе келсе,керісінше, мемлекеттен туристік инфрақұрылымның дамуын талап етуіміз керек. Оны мемлекеттен басқа ешкім жасамайды. Бәлкім, сіздер біздің шикізат шылауы, дамымаған, әлсіз мемлекет болып болып қалғанымызды қалайтын шығарсыздар?» - дейді Тайжан табиғат қорғаушыларына.
Десе де қазақстандықтарды жемқорлық проблемасы алаңдатады. Көбі Шарын паркінің құрылысына бөлінген ақша бөліске түсе ме деп қауіптенеді. Сонымен қатар белсенділер шатқалдың табиғи ерекшеліктері күрделі екенін айтады.
«Қыста ол жаққа ешкім бара қоймайды. Жазда күн шыжып тұрғанда да ешкім бармайды. Көктемнің соңы және жаздың басындағы бірнеше ай ғана қалады... ол жердегі жел мен құрылыстың сапасын есепке алғанда, тек ақымақ қана аспалы алтыбақанға шығады», - дейді алматылық Равиль Сәбитов.
«Егер табиғат пен ақша үшін алаңдасаңыздар, жобаны бақылауға алыңыздар, оның жүзеге асырылуын қадағалаңыздар, ашықтығын қамтамасыз етіңідер», - деп үндейді Мұхтар Тайжан.
Барлығының бір арнада тоғысқан пікірі - Шарында инфрақұрылымды дамыту керек, ол жерге дәретханалар мен дүкендер қажет. Алайда парктің қаншалықты қажеті бар?