Аудан әкімі көпбалалы аналарға алқалар табыстады

2019 жылдың 1 наурызы күні, Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев, Алғыс айту күніне орай, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» «Күміс алқа» марапаттарын, салтанатты түрде, табыстады.

Шахмерден Рыспаев көпбалалы аналарды мереке күнімен құттықтап, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың № 173 қаулысымен Қазақстанда 1 наурызы – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні «Алғыс айту күні» деп аталғанын айтты. «Алғыс күнін» мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәнгілік ел» жалпыхалықтық патриоттық идеясының контекстінде Қазақстанның құндылықтарын, халықтың жалпы тарихына негізделген Қазақстанның сәйкестігін нығайту мен дамытуды бейнелеуі тиіс. Алғыс күні бірінші кезекте – бейбітшілік пен келісім президенттік саясатының салтанат күні, соның арқасында Қазақстандағы барлық қазақстандықтарға бейбітшілік пен келісім, өзара сенім мен құрмет сыйлады.

ҚР Президентінің 2010 жылдың 17 ақпанындағы «Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапаттау жөніндегі» Жарлығына сәйкес, жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеп өсірген аналарға «Алтын алқа» және алты баланы өмірге әкеліп, өсіріп-жеткізген аналарға «Күміс алқа» марапаттары беріледі. Бұрын «Батыр Ана» медалімен 10 бала тәрбиелеп өсірген аналарға табысталатын.