Семей тұрғындары Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті

Семейде ұлыстың ұлы күніне байланысты меркелік іс-шаралар өз бастауын алды. Аталмыш шаралар Ертіс жағалауында наурыз айының 14-21 аралығында сағат 11.00-ден 15.00-ге дейін өтетін болады. Ұйымдастырушылар оны «мереке аптасы»деп атады.

Мәдениет бөлімінің қызметкерлері әр күннің атауы мен мақсаты бар екенін атап өтті . Бүгін, 14 Наурыз- » Көктем күні «, 15 наурыз — » Алас күні «, 16 наурыз – » Өнім күні «, 17 наурыз – » Береке күні «, 18 наурыз — » Иіс күні «, 19 наурыз — «Жайнау күні», 20 наурыз — » Шаттық күні «, 21 наурыз – «Үйлесім күні» .

Бір апта бойы жағалауда мерекелік концерттер, көрмелер мен жәрмеңке ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көркем ұжымдардың арнайы бағдарламаларын тамашалап, Наурыз көже мен бауырсақтан дәм тата алады.

— Бүгін біз көптен күткен Наурыз мейрамын тойлауды бастадық . Осы күні біздің ата — бабаларымыз ұзақ қыстан кейін бір-бірімен көрісіп , амандық сұрасатын, — деді Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина.

22 наурызда ұлыстың ұлы күні қаланың 5 алаңында тойланады. Дәстүр бойынша басты жиындар орталық алаңда өтпек . Мұнда 14 киіз үй қойылып, үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Мерекелік кешті сағат 22:00-де отшашу қортындылайтын болады .