Алматы тұрғындары мен қонақтарына ескерту жарияланды
2019 ж. 15 наурыз
1950
0

14 наурызда, бейсенбіде Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өклідері "Қазгидромет" РМК жіберген дауылды ескерту негізінде хабарлама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Күннің жылуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде, яғни "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты, "Медеу " мұз айдыны аумағында, Бутаковка шатқалының жоғарғы жағы мен Құмбел Су шатқалында (Алмарасан) 14-18 наурыз аралығында қар көшкіні болуы мүмкін. Тау бөктерлеріне шықпауға кеңес береміз. Сақ болыңыздар", - деп ескертеді ведомстводағылар.