ЖЕДЕЛСАТЫ ЖАСАЙТЫН ЗАУЫТ САЛУ ҰСЫНЫЛДЫ
2019 ж. 11 наурыз
2501
0
Депутаттар өз елімізде жеделсаты шығаратын зауыт салуды ұсынды. Өйткені әбден тозығы жеткен жеделсатылардың кесірінен апаттар жиі орын алып, адам өміріне қауіп төндіруде.
Мәжіліс депутаты Василий Олейниктің айтуынша, Қазақстан бойынша 8,5 мың көп қабатты тұрғын үйде 23 мыңнан астам жеделсаты бар екен. Олардың шамамен 40 пайызы қолдануға жарамсыз. Мерзімдері де әлдеқашан аяқталған. Сол үшін тұрғындардың өміріне үлкен қауіп төніп тұр. Әсіресе, Алматыдағы жағдай қиын. Мұнда екі мыңға жуық жеделсаты істен шыққан. Павлодар облысында мың жарым, Қарағанды облысында мыңға жуығы қолдануға жарамсыз. Сол үшін ел бойынша жеделсатыда жаншылып немесе шахтасына құлап қаза тапқандар көп. Мәселен, Алматыда екі апта бұрын ауған соғысының ардагері жарамсыз жеделсатының құрбаны болды. Одан бұрын Ақтөбеде де 28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісамат жаншылып өлген. Сол үшін мәжілісмендер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәселені бір жола шешу үшін отандық жеделсаты шығаратын зауыт салуды ұсынды.
qazaquni.kz