Алматыда түрік әнұранының қабылданған күні атап өтілді

Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Алматы қаласындағы филиалы Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Түркия Респбликасының әнұранының қабылдануы мен авторы Мехмет Акиф Ерсойды еске алу және 18 наурыз Чанаккале теңіз жеңісі мен шейіттеріне еске алу байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстан және Түркия Республикасының зиялы қауым өкілдерін қатысып, бауырлас екі елдің рухани саладағы қарым-қатынастары кеңінен әңгімеленді. Алдымен Қазақстан кейін Түркия Республикасының әнұранымен басталған жиын әнұран құдіреті мен қасиеті төңірегінде өрбіді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер жиынның ашылу салтанаты сөзінде, Түркияның ең үлкен рухани қаһармандарының бірі, ұлт ақыны Мехмет Акиф Ерсойдың бір ғасырдан астам уақыт бұрын Түркияның қиын жағдайын он шумаққа сыйғызған жазған жыры, Түркия халқының жауынгерлік рухын оятып жеңіс жолының үміт отын жаққан еді.

Бірнеше ай бұрын Еуразия ғылыми-зерттеу институты бас болып, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Мимар Синан университетімен бірлесіп, Стамбұл қаласында Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, халықаралық симпозиум өткізді. Симпозиумда М.Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» атты жырының аясында өрбіді. Мұны Түрік халқы ел басынан өткеріп жатқан ауыр да тарихи кезеңде қазақ халқының рухани көмегі деп қабылдайды. Бұл басқосу сол жиынның рухани жалғасы екенін жеткізді. Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз Осман империясы тарап Түркия халқы Тәуелсіз жаңа мемлекет құру үшін күрделі соғыстарды басынан өткерді. Сол уақытта Мехмет Акиф Ерсойдың қаһарман замандастарының ерлігі бүгінгі күшті Түркияның негізін қалады.

18 наурыз «Чанаккале теңіз жеңісі» күніне қол жеткізу де осы қасиетті жыр жолдары сыйлаған күшпен келген еді. Түркияның ұлы мәжілісінде қабылданғанына биыл 98 жыл толып отырған әнұран мәтінінің әр жолы Түркия азаматының рухын көтеретін күшке ие – деді.

Сонымен қатар, Бас консул Р.Қ.Йылмаз осы атаулы күнге орай Түркия Республикасының Президенті Р.Т. Ердоғанның: «Мехмет Акиф Ерсойдың өлеңдерінде елдік бірлік, ұлттық және рухани құндылықтар рухы бар екенін бұл күнде Түркияға бағытталған кез-келген қауіп-қатердегі қарсылыққа төтеп беретін ұлттық консенсустың негізгі элементтері бар. Ұлт Тәуелсіздігінің декларациясы болған ұлттық әнұранымыз еліміздің бостандық үшін күресіндегі еркіндік рухын қастерлей білуде халық бірлігі мен бен ынтымақтастығы арқасында бабалар рухын сақтаған қасиетті жыр жолдары.» –деген пікірін оқып берді.

Жиынға арнайы шақырылған Ыстанбұл Жаңа ғасыр университеті Түрік тілі мен әдебиеті факультетінің профессоры, ф.ғ.д., Мехмет Метин Караөріс 50 жылдық ұстаздық және ғылым жолындағы қызметінде ширек ғасыр бұрын Түркістанда қызмет атқарғанын сол уақытта Бес арыс еңбектеріне ден қойып, оның ішінде Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша айрықша зерттеу жүргізгенін жеткізді. Жиын барысында қадірменді қонақ Мехмет Метин Караөріс М.Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» өлеңін қазақша оқып беріп, қазақ халқының бауырмашылығына алғыс білдірді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті «Түріксой» зерттеу орталығының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Зубайда Шадкам әнұранның азамат өміріндегі мәні зор екенін бұған мысал ретінде «Менің – Қазақстаным» әнінің Тәуелсіздікке дейінгі Қазақстандағы және шетелдегі қазақтар арасындағы қандай маңызды болғанын жеткізді.

Кеңес одағын кезіндегі түрлі ұлтқа жасалған қысым мен қиындыққа қарсы бас көтерген Қазақ халқының рухани мұнарасы болғанын және Тәуелсіздік алғаннан 15 жыл өткен соң, «Менің – Қазақстаным» мемлекеттік әнұран болып өзінің нақты дәрежесіне көтерілгенін баяндап берді.

Жиын соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Вакур Сүмер көптеген салада ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми кітап, журнал шығарып отыратын институттың атынан естелік сыйлықтар табыстады.