МӘНСІЗ МӘЖІЛІС ТАРАДЫ...

д

                     Назарбаев Парламент Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қойды

        Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған республика Парламенті Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы 2011 жылғы 16 қарашадағы №175 Жарлығына қол қойды.

 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85, 86-баптарына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 1. Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.

 2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалсын.

 3. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалсын.

 4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеуді және өткізуді ұйымдастырсын.

 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық,  материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудің барлық қажетті шараларын шұғыл қабылдайтын болсын.

 6. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

 Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ

 Астана, Ақорда, 2011 жылғы 16 қараша № 175

 

                                                                                                                Дереккөз: ҚазАқпарат