Астанада өртке оранған тұрғын үйден 25 адам құтқарылды

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрттен екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 1970 жылы және 1973 жылы туған екі әйел түтіннен уланып, ауруханаға жеткізілді.

«Астанада Ш. Құдайбердіұлы көшесіндегі өрт салдарынан 1970 жылы 1973 жылы туған 2 әйел зардап шекті. Олардың жағдайы орташа, иістен уланғандықтан ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Астана қаласы Төтенше жағдайдар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бүгін Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шығып, 25 адам, соның ішінде төрт бала құтқарылды. Жалын 20 шаршы метр ауданды шарпыған. Пәтерлердің бірінде жатын бөлмедегі жиһаз және тұрмыстық бұйымдар өртенген.