Төтенше оқиға: Петропавлда мейрамханадан 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды
2019 ж. 04 наурыз
1773
0
Петропавл қаласының өрт сөндірушілері мейрамханадағы 170 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, " Есіл" мейрамханасындағы жертөленің ішін қою қара түтін басқаны туралы хабар 101 телефонына 2 наурыз күні сағат түнгі 23:31-де түскен.
"Оқиға орнына облыстық "Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесіне қарасты №1,2,3 өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары 7 арнайы көлікпен шұғыл жеткен. Олар мейрамхана қызметкерлері мен қонақтарды қоса есептегенде 170 адамды қауіпсіз жерге көшірген", - делінген хабарламада.
Өрт мейрамхана мен көпқабатты тұрғын үйдің арасындағы қоқыс тұрған жерден шыққан. Қызыл жалын 6 шаршы метрге шарпыған. Өрт түнгі сағат 00:02-де толық сөндірілген.
Мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.