Түркістан облысында көпқабатты үйдің төрт тұрғыны уланып қаза тапты
2019 ж. 02 наурыз
1903
0
Түркістан облысында көпқабатты үйдің төрт тұрғыны уланып көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға жұма күні кешкі уақытта болған.
"1 наурыз кешкі сағат 18:00-де Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласында төрт қабатты тұрғын үйдегі екі пәтердің төрт тұрғыны газдан уланып қаза тапты", - делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.