ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды
2019 ж. 25 ақпан
2481
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне берілді. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілді.