Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
2019 ж. 18 ақпан
3051
0

2019 жылдың наурыз айында екі үлкен мейрам бар – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз. Сондықтан қазақстандықтарды бұл айда 14 демалыс және 17 жұмыс күні күтеді.
Бұл туралы Uchet.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Биылғы жылы 8 Наурыз жұма күніне сәйкес келеді. Сондықтан Халықаралық әйелдер күні үш күн мерекеленеді. Яғни 8-10 наурыз күндері, сенбі, жексенбіні қосқанда демалыс.
«Мерекелер туралы» заң бойынша Наурызда қазақстандықтар үш күн, 21-23 наурыз аралығында демалады. 23 наурыз сенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс дүйсенбі 25 наурызға ауыстырылады. Осылайша, Наурызда қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында 5 күн демалады.