Алматыда Ассамблея өкілдері студенттермен Жастар жылында атқарылатын шараларды талқылады
2019 ж. 13 ақпан
1910
0
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылды Жастар жылы деп жариялауына байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде жастарды толғандырған мәселелер мен оларға қолдау көрсету қажеттігі сөз болып жатқаны белгілі. Осындай атаулы жиынның бірін Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен Алматы Экономика және статистика академиясындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясы орталығы ұйымдастырды.
Шараға Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары, «Ирныхас» қалалық осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы Қазбек Мамсуров, Алматы корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, Георгий Кан, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Ольга Колесникова, Алматы қаласы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Диас Ералиев және академия студенттері қатысып, баяндама жасады.
Іс-шараға қатысушылар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жастар инфрақұрылымын дамыту, білім беру, жастар үшін қолжетімді баспана, кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру, құқықтық мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, талантты жастарды қолдау және Жастар жылының негізі болып табылатын басқа да бағыттар туралы бастамасын қолдап, өздерінің тұщымды пікірлерін білдірді.
Еңлік ЕРБОЛҚЫЗЫ, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы qazaquni.kz