Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады
2019 ж. 13 ақпан
2849
0
Маңғыстау әкімі орынбасарының көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл ақпаратты Маңғыстау Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Жол-көлік оқиғасы 15-шағынаудандағы халыққа қызмет көрсету орталығының алдында болған. Облыс әкімінің орынбасары отырған «Toyota» жүк көлігімен соқтығысқан. Шенеуніктің көлігін жүргізуші басқарған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Куәгерлердің айтуынша, әкімдікке қатысты көлік кортежсіз жүрген.
«Аталған дерекке байланысты ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған», - деді полициядан.