Қазақстанның ең бай бизнесмені 13 млн долларға Нью-Йорктегі пәтерін сатты

Қазақстанның ірі бизнесмендерінің бірі Нұржан Суханбердин Нью-Йорктегі пәтерін сатты. Үй құны – 13,15 млн доллар.

Нұржан Суханбердин Манхэттенде Мидтаун кешенінің жоғары жағынан жылжымайтын мүлік алған.

Ол кезде 8,65 млн долларға алған. 10 жылдан соң 2014 жылы бизнесмен 7,25 млн долларға іргелес пәтерді сатып алды.

Mandarin Oriental резиденцисындағы бірінші пәтерімен келісім 17 қаңтарда 13,15 мл долларға жасалды.

Пәтердің хабарландыруында екі пәтердің пентхаус қабатында екені көрсетілген. Көлемі 4743 фут. (440 шаршы метр) Екі пәтерді бірге біріктіруге болатынын айтылған.

Нұржан Суханбердин “Казкоммерцбанк” директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы, әріі негізін салушы. (Банктің құқығы мен міндеті “Ұлттық банкке” берілген)

2016 жылы Қазақстанның ең бай 50 адамы тізімінде 6-орынға шықты. Forbes Kazakhstan нұқсасы бойынша, ең тартыпды 50 бизнесмен қатарына кірді. Оның табысы үш жыл бұрын 946 млн долларға бағаланды.

Бұған дейін Парижде 65 млн еуроға үй сатып алған қазақстандық бай азаматтың баспанасын сататыны БАҚ-та жазылды. Пәтердің Елисей алаңында орналасқаны айтылды.