Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында 4,2 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасай отырып.

«Жер сілкінісі 27 қаңтар күні Алматы уақытымен 16 сағат 22 минут 05 секундта тіркелді», - делінген хабарламада.

Зізаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 685 км қашықтықта Қазақстан территориясында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты - 8,9, магнитудасы 4,2 MPV, тереңдігі 10 км болған.