БТА БАНК АҚШ Сотына жүгінді
2010 ж. 25 ақпан
1394
0
Жақында БТА Банкі АҚШ – тағы өзінің қаржылық берешегін қайта құрылымдау үрдісін мойындаттыру мақсатында АҚШ Сотына жүгінді.
БТА Банкі АҚШ аумағындағы қаржылық дәрменсіздік ісі бойынша Банктің қаржы берешегін қайта қаржыландыру үрдісінің заңдылығын таныту үшін Нью-Йорк штатының Шығыс аймағындағы құқықтық өкілеттілігі АҚШ Сотына жүгінді. АҚШ Сотына сәйкестендірілген өтініш, Алматы қаласының Мамандандырылған қаржылық сотының 2009 жылдың 16 қазанындағы шешімімен БТА Банктің қаржы берешегін қайта құрылмдау үрдісінің аясында тағайындалған шетел уәкілеттілігінің өкілі БТА Банктің Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденовтің атынан жіберілген болатын..
БТА Банктің АҚШ Сотына жүгінуі қаржылық дәрменсіздік мәселесін реттеудегі АҚШ заңнамасына сәйкес жүзеге асты (15 бап «АҚШ-тың банкротқа түсу заңының жиынтығы»). Аталмыш АҚШ Сотына жүгіну Англия мен Уэльстің Жоғарғы Сот төрелігінің 2009 жылдың 18 желтоқсанындағы БТА Банктің қаржы берешегін қайта құрылымдау үрдісінің Англия мен Уэльс аумағында заңды деп танылсын деген жағымды Жарлығынан кейін жүйеленді.
БТА Банктің АҚШ Сотына жүгінуі қаржылық дәрменсіздігін рәсімдеуді өршіту үшін қолдау хат болып саналмайды.
Сонымен қатар бұл БТА Банктің қаржылық міндетінен толық босатылады деген сөз емес. Керісінше БТА Банктің Қазақстандағы берешегін қайта құрылымдау үрдісін күрделендіріп жіберуі де мүмкін. БТА Банктің қайта құрылымдалуы Қазақстан Республикасының қайта құрылымдау заңнамасының аясында жүзеге асады.
АҚШ Сотына жүгіну БТА Банктің қаржы берешегін қайта құрылымдау үрдісінің заңдылығын халықаралық мойындауға ие болу мақсатында, яғни еларалық Трансграниттік Дәрменсіздік туралы 1997 ж. бекітілген ЮНСИТРАЛ Типтік Заңының негізінде ұсынып отыр.
БТА Банктің қарызын қайта құрылымдау үрдісі Қазақстан Республикасының қайта құрылымдау мәселесі жайлы қабылдаған заңнама аясында 2009 жылы басталған болатын. Аталмыш қағида бекіткен талапқа сәйкес қайта құрылымдау тек кредиторлардың келісімімен яғни қайтаданқаржыландырылуға тиісті үштен екі қарыз көлемінің талап жиынтығынан асса ғана жүзеге асырылады.
2009 ж. 16 қазанда Алматы қаласының. Мамандандырылған қаржылық соты БТА Банкінің берешегін қайта құрылымдау туралы өтінішін ҚР заңнамасының барлық талаптарына сәйкес негізделген деп таныды.
2009 жылдың 7 желтоқсанында Лондонда БТА Банкі мен Кредиторлар комитеті қаржы берешегін қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық талаптарына қол қойды. Бұл істен қандай нәтиже шығатынын алдағы уақыт көрсетсе керек.
«Жас қазақ үні» - ақпарат