Қарағандыдағы инспектордың өліміне күдіктілердің суреті жарияланды

Ішкі істер министрлігі “Охотзоопром” мекемесінің инспекторларына шабуыл жасап, Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деген күдіктілердің суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Олардың аты жөндері де белгілі болады: Ахметов Б.М., Шукилдиков Н.М., Ақшанов К.В. (солдан оңға қарай). Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Сондай-ақ, құзырлы органдар күдіктілер туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан көмек сұрайды. Ол бойынша Қарағанды облыстық полиция департаментіне мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7212) 42 92 04, 42 91 90, 42 90 25, 42 90 26 немесе 102.

Айта кетсек, инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өмірі үшін дәрігерлер соңына дейін күресті. Алайда Нұрғалиев комада көз жұмды. Ал аман қалған инспектор оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді. Бұған дейін қазақстандықтар Ерлан Нұрғалиевке “Халық Қаһарманы” атағын беруді ұсынған еді.