Ақмола облысындағы Зеренді ауданының әкімі мен орынбасары парамен ұсталды

Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының әкімі М.Мұстафин мен оның орынбасары Ы.Мұқашев кеше әкімдік ғимаратында 3 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды 24.kz.

Шенеуніктерді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының қызметкерлері қолға түсірген. Қазір аталған іске қатысты жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал істің анық-қанығы әзірге құпия күйінде сақталады.

Айта кету керек, М.Мұстафин 2011-2017 жылдар аралығында Ақмола облыстық тексеру комиссиясын басқарған болатын. Ал 2017 жылдың 20 желтоқсанында Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды.