Қазақстан халқының саны 18,37 миллион адамға жетті
2019 ж. 16 қаңтар
3453
1
2018 жылғы 1 желтоқсанға еліміздегі халық саны 18376,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар –10626,2 мың (57,8%), ауылдықтар – 7750,0 мың адамды (42,2%) құрады. 2017 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 238,9 мың адамға немесе 1,3% өсті.
Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі республикалық маңызы бар қалаларда: Шымкент қаласы (62 023 адам), Алматы қаласы (54279 адам) және Астана қаласында (40640 адам) қалыптасты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті. Дереккөз: 24.kz