Павлодар тұрғындарына жылу үшін қыруар соманың төлем түбіртегі келген

Павлодар қаласындағы көп қабатты үйдің тұрғындарына жылыту үшін қыруар соманың төлемі келген, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі 31-арнаға сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, жылу есептегіш құрал дұрыс мәлімет көрсетпейді. Құрылғының істен шыққанын тұрғындар үш күн бұрын ғана білген.

«Менікі секілді үш бөлмелі үйге 47 мың теңгенің түбіртегі келді», — дейді көпқабатты үйдің тұрғыны Лариса Равилова.

Өз кезегінде, Тұрғын үй инспекциясы тұрғындарға тікелей сотқа баруға кеңес берді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 2019 жылдан бастап Қазақстанда коммуналдық төлемді азайту туралы тапсырма берген болатын.