«Ақ жолдың» араласуымен сақтандыру компаниясы жол-көлік апатынан зардап шегушіге сақтандыру төлемін төледі

«Ақ жол» партиясының араласуымен сақтандыру компаниясы жол-көлік апатынан зардап шеккен азаматқа сақтандыру төлемін төледі.

2018 жылдың желтоқсанында Азат Перуашевтің атына Алматы облысының тұрғыны К.Ақмырзановтың оған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуына байланысты өтініш келіп түсті. Сонымен, Ақмырзанов «Lada 21144» автокөлігімен келе жатқанда басқа автомобильмен соқтығысып, ауыр дене жарақатын алып 10 күн бойы комада жатқан. Жол-көлік апаты салдарынан көлік құралдары да зақымданған. Ақмырзановтың көлігі автомобиль көлігін сақтандыру (КАСКО автосақтандыруы) Келісімшартына қосылу арқылы «СК Евразия» АҚ-да сақтандырылған. Алайда, алкоголь немесе есірткіге мас күйінде болғанын не болмағанын анықтайтын медициналық тексеруден уақтылы өткізілмегендіктен оған сақтандыру төлемдерін төлеуден бас тартқан. Бірақ бұл жағдайда сақтандыру компаниясы өтініш берушінің дәл сол уақытта комада жатқандығын ескермеген.

Осыған байланысты, Азат Перуашев Бас прокуратураға жүгініп, сақтандыру компаниясының Ақмырзановтың құқықтарын бұзғанын анықтау үшін аталған жағдайды қарастыруын сұрады.

Жуырда ғана берілген Ұлттық банктің жауабында Бас прокуратурадан келіп түскен хатқа сүйене отырып, Банк сақтандыру ұйымының мекенжайына сақтандыру төлемдерін төлеу мәселесіне қайта оралу қажеттілігі туралы хат жолданғаны мәлімденген.

«25.12.2018 жылғы №22646 төлем тапсырмасымен сақтандыру компаниясы 613 001 теңге мөлшеріндегі сақтандыру төлемін жүзеге асырды», - деп хабарланған Ұлттық банк төрағасының орынбасары О. Смоляков қол қойған хатта.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны іске асыру және қатардағы қазақстандықтардың мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.