Алматыдағы ең ірі даңғылда жол жүру ережесі өзгерді
2018 ж. 27 желтоқсан
2581
0
80-нен 60-қа түсті. Алматы қаласының ең ірі даңғылы Әл-Фараби, Сайын көшесі және Шығыс айналма жолында 15-қаңтардан бастап жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асыруға болмайды, - деп хабарлады КТК арнасы.
Ал тәртіпке бағынғысы келмегендерді бейне бақылау камералары қатаң қадағалайды. Қала бойынша 142 «Сергек» камералары орнатылмақ. Мұнымен қоса мыңға жуық цифрлық камера бар.
Полиция департаментінің өкілдері жаңа жүйе Еуропаның дамыған елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып енгізілгенін айтады. Сарапшылардың зерттеуіне сәйкес, жылдамдыққа шектеу қою жол апаттарының алдын алатын бірден бір жолы. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, орташа жылдамдықты 5 пайызға көбейтудің өзі жолдағы келеңсіз оқиғаларды 10 пайызға, адам өлімімен аяқталатын жол апатын 20 пайызға арттырады. Өйткені, жылдамдығы сағатына 80 шақырымдық көшелерде көлік қақтығысы жиі болады екен. Арасында жылдамдықты үдетіп, адам қаққандары да бар. Мәселен, биыл алып шаһарда 4 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 121 адам көз жұмды.