«Біздің кәсіпорынның 176 балық өсіретін шаруашылығында 30 мыңға жуық орыс, сібір бекірелері өсіріліп келген еді. Алғаш рет балықтардың қырылу оқиғасы 5-6 желтоқсанда тіркелді. Ол кезде балық өлекселері шамамен 10 мыңдаған болды. Қазіргі кезде барлық бекіре тұқымдас балықтар қырылып қалды. Біз келген шығындарды есептеу үшін, балық өлекселерін судан сүзіп алып жатырмыз», - деді Луговой балық зауытының басшысы Әміржан Шауданов.
Еске салайық, Атырау облысында балықтардың жаппай қырылуы желтоқсанның басында басталды. Төрт кәсіпорын тексеріліп, екі қылмыстық іс қозғалды.