Энергетика министрлігі электр энергиясының жаңартылған тарифін бекітті
2018 ж. 20 желтоқсан
2187
0
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев электр энергиясының жаңартылған тарифін бекіту туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Электр энергиясының ұсынылған шекті тарифі бекітілсін. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру департаменті ҚР бекітілген заңнамасына сәйкес: осы бұйрықтың ҚР Әділет министрлігінде тіркелуін, осы бұйрық тіркелгеннен кейін 10 күнтізбелік күннің ішінде қазақ және орыс тілінде ресми түрде жариялап, ҚР НҚҚ Эталонды бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын, аталмыш бұйрықты ҚР Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына жариялануын қамтамасыз етсін», - делінген министрдің бұйрығында.
Құжатта аталып өткендей, бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Еске сала кетсек, өткен айда Қазақстан Президенті энергия тарифіне қатысты мәселе алаңдаушылық тудырып отырғанын, табиғи монополия қызметінің тарифін белгілеу бойынша тәртіпті орнату туралы тапсырма бергенін айтқан еді.