АНКАРАДА ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ НАСИХАТТАЛДЫ

Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Түркия Республикасы, Анкара қаласында «Көкту» қазақ мәдениет қоғамының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің қолдауымен «Адырна» фольклорлық және этнографиялық ансамблі мен "Алтынай" мемлекеттік халық биі тобының концерті өтті.

Анкара қаласының Мемлекеттік Опера және балет залында болған алқалы шараға Түркия Республикасы Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік Университетінің Өкілетті кеңес төрағасы МұсаЙылдыз, Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түрксойдың бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, шетелдегі түріктержәне ағайын қауымдастықтар басқармасы төрағасының орынбасары Саит Юсуф, Анкарадағы Қазақстан жанашырлары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қазақстандық студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Концертті жүргізген Түркия Республикасы мәдениет министрлігінің Түркі дүниесі музыка ансамблінің әншісі Ферияль БашельТузун «Адырна» ансамблінің сүйемелдеуінде қазақ xалық әндерін орындап, көрермен ризашылығына бөленді.