Алматы маңында жер сілкінді
2018 ж. 10 желтоқсан
1674
0
Алматыдан 133 шақырым қашықтықта 4,1 магнитудалы жер сілкінісі болды, - деп хабарлады 24.kz.
ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 10 желтоқсан 06 сағат 58 минут 45 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 133 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. MPV тербелісі - 4.1. Эпицентрінің координаттары 42.21° с.е. 77.83° ш.б. Ошағының тереңдігі – 20 км.