Мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылды тойламайтын болды
2018 ж. 06 желтоқсан
10387
0

Министрліктегі мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылды тойлаймайтын болды. Бұл мереке үшін бюджеттен ақша бөлінбейтіндігін Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Біз мерекелік шара ұйымдастырмаймыз. Ал қызметкерлердің өзі атап өтеміз деп жатса, өз қалталарынан шығарады. Оларға жұмыстан тыс уақытта шектеу қоя алмаймыз, – деді министр.
Оның айтысына қарағанда, қаржы арнаулы мерекелерге ғана бөлінеді. Жаңа жыл бұл қатарға кірмейді.
Айта кетейік, былтыр Қазақстан халқы жаңа жылдық тойлауға 200 миллиард теңгенің шамасында қаржы жұмсапты.