Сыбайлас жемқорлық заңмен шектелуі тиіс

Бүгін дәл осы тақырыппен елордағы Ұлттық аккадемиялық кітапханада дөңгелек үстел болып өтті.

Аталмыш іс-шара қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың заңмен шектелуі, сыртқы саясат пен ішкі тұрақтылықтың нәтижесінде Қазақстан мемлекетінің қауіпсіздігін ескерен отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден сақтау жөнінде әңгімелер қозғалды.

Жиынға қатысқан мамандар алдымен сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу мен зардаптарын жоюда кездесетін кедергілердің барын алға тартты. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа жол бермеу мәселелері де айтылды.