Төсін ашқан депутатқа қатысты Астана қаласының әкімшілігі пікір білдірді
2018 ж. 03 желтоқсан
4340
0
Неше күннен бері сән көрсетілімінде төсін ашып шыққан Астана қалалық жастар мәслихатының VII шақырылымының депутаты Динагүл Тасавоның әрекетін жұрт белсенді талқылап жатыр. Желіде туындаған дау-дамайға қатысты Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин өзінің инстаграм парашасында жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Оның айтуынша, Динагүл Тасавоның Астана қаласының мәслихатына еш қатысы жоқ.
«Желіде жартылай жалаңаш жүрген қызды барлығы мәслихат депутаты деп таныстырып жатыр. «Астана қалалық жастар мәслихаты» қоғамдық қоры әділет органдарында үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелген тәуелсіз бейкоммерциялық ұйым болып табылады. Демек, Астана қаласының мәслихатына және жергілікті мемлекеттік органдарға ешқандай қатысы жоқ», – деп жазды Данияр Есин өзінің инста-парақшасында.
Сонымен қатар, жоғары аталып кеткен ҮЕҰ-ның жастар бастамасымен құрылғанын атап өтті.
«Аталған ұйым жастар тобының бастамасымен қоғамдық ұйым болып құрылған. Сондықтан желіде белсенді талқыланып жатқан қыз депутат болып табылбайды», – деп сөзін аяқтаған Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.
Тағы айта кетсек, басқарма басшысы аталған ұйымның шын мәнінде ҮЕҰ екенін білдіретін фотодәлелді де жариялаған.