Тәуелсіздік күні өтпей Жаңа жалдық шырша орнатылып қойды

Алда Жаңа жыл мейрамы келе жатыр. Мерекенің өзіне әлі бір жарым айдай уақыт бар. Бірақ Риддер қаласында мейрамның басты белгісі – жаңа жылдық шыршаны орнатып қойыпты, деп хабарлайды Алтайньюс.

Бұл туралы инстаграмдағы ridder_online парақшасында жарияланып отыр. Жұрттың айтуынша, шыршаны Республика алаңына қарашаның 19-да орнатқан. Қазір оның табаны бекітіліп, монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Шыршаның биіктігі 24 метр екен.  Орнатушы мердігер – «Риддер электромонтаж» ЖШС. Желтоқсанның 5-не дейін шыршаны гирляндамен безіндіріп қоймақ.