Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Мемлекет басшысы «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет екенін айтты, - деп хабарлайды baq.kz.
Түркі халықтарының онлайн кітапханасы пайда болады
2018 ж. 21 қараша
4365
0
«Түркі әлемінің генезисі Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты», - деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент осыған байланысты «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет екенін атап өтті.
«Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Википедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Елбасы жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет екенін айтты. Себебі Түркістан Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады.