Алматыдан 127 шақырым қашықтықта жер сілкінді
2018 ж. 19 қараша
1752
0
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 18 қараша күні Алматы уақытымен 12 сағат 34 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 127 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 8.6 MPV тербелісі - 3.7 Тереңдігі - 10 шақырым. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.