Елімізде бес мыңнан астам ерлі-зайыпты электронды түрде ажырасып кеткен
2018 ж. 30 қазан
7563
1
Қазір елімізде онлайн түрде ажырасу көбейіп кеткен. Тіпті, биылдың өзінде 5000-нан астам ерлі-зайыптылар электронды түрде некелерін бұзуға ниет білдірген екен.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бұл қызметті ортақ мүлікке еш таласпайтын адамдар мен бір-бірін көргісі келмейтін жұбайлар қолданады екен. Биылғы жылдың өзінде онлайн түрде ажырасқандардың саны 30 пайызға артыпты.
Ал мемлекет бойынша электронды түрде ажырасу оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда, Түркістан облысы, Шымкент және Алматы қалаларында өршіп тұр.
Бұл онлайн қызметті пайдалану 2016 жылдан бастап көбейген. Ол кезде жылына тек 10-15 өтініш келіп түссе, қазірде бұл көрсеткіш 100-ге жетіп отыр.
Мамандар электронды ажырасуға көбіне бес-алты жыл отасқан жұптар өтініш беретінін айтады.
Ал психологтар мұндай шешім жанұядағы зорлық-зомбылықтан, материалдық жағдайдың жоқтығынан қабылданатынын айтады.
Сондай-ақ, аталған қызметті тек баласы жоқ ерлі-зайпытылар ғана қолдана алады екен.
“Жыл басынан бері елімізде 113 мыңнан астам неке қиылған, оның ішінде 57210 неке онлайн режімде электрондық үкімет порталы арқылы.
Сондай-ақ, жыл басынан бері 45 мыңнан астам неке тоқтатылған, оның 4500 мыңнан астамы онлайн режімде іске асқан”– дейді Әділет министрлігінің ресми өкілі Гүлзира Омарова.