Қырымдағы теракт: қаза тапқандар саны 20 адамға жетті

Керчь қаласындағы азық-түлік технология колледжінің ғимаратындағы жарылыстан жарақат алғандардың саны 68-ге жетті. 20 адам мерт болды. Қаза тапқандардың басым бөлігі жасөспірімдер. Ауруханада жатқан 6 адамның бесеуі жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Вероника Скворцова хабарлады.

Жарылысты билік әу баста ресми түрде «лаңкестік әрекет» деп мойындаған еді. Сәлден кейін Ресейдің тергеу комитеті бұл оқиғаны қылмыстық іс деп мәлімдеді. Қырым басшысы Сергей Аксёновтың айтуынша, жарылысты осы колледждің төртінші курс студенті ұйымдастырып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оның денесі екінші қабаттағы кітапханадан табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қолдан жасалған жарылғыш зат асханада іске қосылған. Куәгерлер ол жерден бір емес, бірнеше жарылыс пен атыстың дауысын естігенін айтады. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қырымда үш күндік қаралы күн жарияланды.

Дереккөз: 24.kz