Астанада бойжеткенді автобус қақты

Елордада автобус жол бойында бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға куәгерлерінің айтуына қарағанда, жол-көлік оқиғасы бүгін күндіз «Лазурный квартал» тұрғын үй кешені аумағында, жол бойында болған. Бойжеткенді №52 қалалық бағытта қатынайтын автобус қаққан. Зардап шеккен қызды жедел жәрдем көлігі аурухана алып кеткен.

Қазіргі уақытта жол полициясының қызметкерлері оқыс оқиға болған жерде тексеру жұмыстарын жүргізіп  жатыр.